Жапония жер сілкіністерінің салдарын жоюға 25 мың сарбаз жұмылдырды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні таңертең Жапонияның Хоккайда аралында екінші рет жер сілкінді, магнитудасы - 5,4. Түнде бұл аумақта 6,7 бал қуатымен күшті зілзала болған еді. Бұл туралы Жапонияның Ұлттық метеорологиялық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.

Жерасты дүмпулерінің ошағы түнде және таңертең аралдың оңтүстік-батысында Ибури аймағында орналасты. Тереңдігі - 40 шақырым. 6,7 балдық жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 03:12-де болды.

Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштерінің 25 мың жауынгері табиғат апатының салдарын жою үшін аттандырылды. Бұл туралы бейсенбі күні елдің премьер-министрі Синдзо Абэ мәлім етті.

«Бүгінгі күні құтқару жұмыстарына 4 мың сарбаз қатысуда. Бұл санды 25 мыңға дейін ұлғайтамыз», - деді премьер тілшілерге.

Соңғы мәліметтер бойынша, бір адам қаза тауып, 50-ге жуығы зардап шекті. Тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Көптеген таулы елді мекендерде селдер жүріп, ол көптеген салдарға, қирауларға алып келді. Бірқатар теміржол пойыздары қозғалыстарын тоқтатты.

Сейсмологтар бұл ауданда сейсмобелсенділік апта бойы сақталатынын атап өтуде.

Kyodo агенттігінің мәліметінше, Хоккайдода кем дегенде 200 әуе рейсі тоқтатылды.

 

Соңғы жаңалықтар