Жапония жағалауларынан 12 балықшының мүрдесі, иесіз 89 кеме табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы күздің басынан бері Жапонияның солтүстік жағалауларынан балықшылардың иесіз 89 шағын кемесі табылған. Бұл туралы сейсенбіде The Japan News басылымы ұлттық жағалау күзетінің деректеріне сүйене отырып хабарлады.

Болжамдарға қарағанда, бұл шхуналар КХДР балықшыларына тиесілі болған. Олардан 12 балықшының мәйіті табылды.

Өткен жылдың осы кезеңінде Жапония жағалауларынан 59 тастанды кеме табылған болатын. Олар да Солтүстік Корея балықшыларына тиесілі болған. 

Иллюстрациялық фото: vostokmedia.com

Соңғы жаңалықтар