Жапония университеті қазақстандықтарға оқу стипендияларын ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда Keio университеті шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Болашақ бағдарламасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Keio университеті Жапонияда Global Information and Governance Academic Program (GIGA) бағдарламасы бойынша білім алу үшін шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынады. Курсты аяқтаған студенттер Қоршаған орта және ақпараттық зерттеулер саласы бойынша бакалавр дәрежесін иеленеді.

Өтініш беру мерзімі: 12 ақпан 2020 ж.
Курс деңгейі: стипендия бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға арналған
Зерттеу пәні: Стипендиялар Ақпарат және басқару бойынша Жаһандық академиялық бағдарламаны (GIGA) зерттеу үшін беріледі.



Соңғы жаңалықтар