+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Жапония  үкіметі отставкаға кетті

2019 жылғы 11 қыркүйек 09:51
Бөлісіңіз:
Жапония  үкіметі отставкаға кетті

ТОКИО. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні таңертең Жапония Үкіметі толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Эво Моралес Мексиканың саяси баспана беру туралы ұсынысын қабылдады Бангладеште пойыздардың соқтығысуынан 12 адам қаза тапты Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келі кокаин шығып қалған

Премьер-министр Синдзо Абэ кабинет мүшелерінің отставка туралы өтініштерін қабылдады. Бұған шілде айында парламенттің жоғарғы палатасына сайлауда партияның жеңіске жетуінен кейін және қазан айына жоспарланған тұтынушы салығын 10 пайызға қымбаттатудың алдында үкімет құрамының өзгеруі себеп болды.

Өткен жылдың қазан айында Үкіметте орын алған өзгерістер барысында көптеген министрлер орындарын сақтап қалса, қазір тек Үкімет хатшысы Ёсихидэ Суга және қаржы министрі Таро Асо қалатын болады.

Екі министр, Жапонияда айтылатындай, «көлденең бойынша» ауысады. СІМ басшысы Таро Коно экономика министрі атанса, Сыртқы істер министрлігін бүгінгі таңдағы Экономиканы қайта қалпына келтіру ісі жөніндегі министр Тосимицу Мотэги алмастыратын болады. Бұрынғы кабинеттің кезінде министр лауазымдарын атқарған тағы да екі адам үкіметке қайта оралады, ал қалған 13 адам алғаш рет кабинет құрамына кірмек. Сәрсенбі күні кешке ел императорының жаңа министрлер кабинетін бекіту рәсімі өтеді.

Түстен кейін үкіметтің жаңа құрамы белгілі болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы - Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT