Жапония туристер үшін салықтың жаңа түрін енгізді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония үкіметі елге келетін туристер үшін 7 қаңтардан бастап салықтың жаңа түрін енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo news агенттігіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 7 қаңтарынан бастап Жапониядан теңіз және әуе жолдары арқылы шығатын жолаушылар 1000 иен (9 АҚШ доллары) көлемінде салық төлейтін болады.

Жапония үкіметінің болжамы бойынша, 2020 жылға қарай елге келетін туристердің саны 40 млн адамға жетпек. Олардың басым бөлігін Қытай, Оңтүстік Корея, Тайван, Гонконгтан келетін туристер қамтымақ. Сондай-ақ Еуропдан да келушілер саны артпақ.

Бұл салықтан тек депортациялауға ұшыраған азаматтар, екі жасқа дейінгі балалар, транзиттік жолаушылар, дипломаттар мен арнайы үкіметтік рейстермен ұшушылар босатылады.

Соңғы жаңалықтар