Жапония тұрғындарының саны 2070 жылы 30% қысқарады – болжам

None
ТОКИО. АНАДОЛЫ. ҚазАқпарат – Жапония тұрғындарының саны алдағы 50 жылда үш есеге қысқарады және 87 млн адам болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мәліметтерді Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің Тұрғындар және әлеуметтік қауіпсіздік саласындағы зерттеулер ұлттық институты жариялады.

Осылайша, 2070 жылы Тынық мұхиты елінің тұрғындар саны 2020 жылғы көрсеткіштен 30 пайызға кемиді.

Жаңартылған болжам бойынша, 2020 жылы 126,1 млн адамды құраған Жапония тұрғындарының саны 2056 жылдың өзінде 100 млн адамға жетеді.

Елде тұрып жатқан шетелдіктер саны (3 айдан астам уақыттан бері тұрып жатқан студенттер, жұмысшыларды қоса алғанда) 2020 жылдан 2070 жылға дейін 2,2 пайызға ұлғайып, 10,8 пайызды құрайды.

Болжамға сәйкес, 2022 жылы жылына 800 мыңға төмендеген туу көрсеткіші 2043 жылы 700 мыңнан да аз болады. Ал 2070 жылы 500 мыңнан төмен құлдырайды.

Жапонияның әлеметтік қамтамасыз ету жүйесін ұстап тұрған жасы 15 пен 64 аралығындағы ел тұрғындары 2020 жылы 75 млн адам болған. Институт болжамы бойынша, 2070 жылы бұл сегмент 45,3 млн-ға жетеді.


Соңғы жаңалықтар