+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Жапония тазалықты қалай сақтайды

2019 жылғы 11 қазан 17:22
Бөлісіңіз:
Жапония тазалықты қалай сақтайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жапонияға барған халық мемлекеттің мұнтаздай тазалығына таңдай қағады. Одан кейін көзге түсетіні – қоқыс тастайтын урналар мен аула сыпырушылардың жоқтығы. Соған қарамастан, Жапония қалайша ерекше таза мемлекетке айналды?» деп жазады ВВС.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы 5 жылда жаңартылатын энергия көздері екі есе артады – зерттеу Әбу-Дабиде ең ежелгі табиғи меруерт көрсетіледі Австралиялық әуе компаниясының ұшағы ең ұзақ рейс жасап, рекорд орнатты

Автордың айтуынша, мемлекеттің тазалығын азаматтар сақтап тұр.

«Мектепте 12 жылда тазалық жұмыстары күнделікті тәртіп саналады. Отбасында әр ата ана балаларды тазалыққа үйретіп, қоршаған ортаны тазалықта ұстау керектігін бойына сіңіреді. Бұл қоғамдық сананың элементін мектеп бағдарламасына енгізіп, балаларды қоршаған ортаны аялауға баулиды. Өздері тазалауы керек мектеп айналасын кім шашсын?», деп жазады автор. Оның айтуынша, бұл балаларды жауакершілікке үйретеді.

«Жапонияның тазалық шаралары туристік көрнекілікке айналған. Тіпті, жапон футбол жанкүйерлері де 2014 жылы Бразилиядағы, 2018 жылғы Ресейдегі әлем чемпионатында әлемді таңдандырған еді. Мұндай сценарий музыка фестивальдерінде де байқалады», дейді автор. Оның жазуынша, кеңсе қызметкерлері күнде таңертең жұмыс орындарының айналасын жинайды. Балалар ай сайын мектеп айналасын тазалайды», деп жазады автор.

Автор бұдан әрі жапондардың не себепті тазалыққа құмар екенін анықтауға тырысқан.

«1600 жылы Уилл Адамс Жапонияға барған алғашқы ағылшын болды. Ол өз биографиясында жапондар айналасын таза ұстайтынын және өзінің осындай тазалыққа таңғалғанын жапондар түсінбегенін жазған. Тазалыққа құмарлық практикалық проблемалардан пайда болуы мүмкін. Жапониядағыдай ыстық және ылғалды ортада тағам тез таусылады, бактерия жылдам тарайды. Яғни, жақсы гигиена жақсы денсаулық кепілі болады», дей келе автор Жапонияға барған кез келген адам тазалыққа тез үйренетінін, ал еліне оралған соң бұрынғы тіршілікті қабылдай алмайтынын жазған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT