Жапония СІМ: Сирияға бармақ болған фототілші елден ешқайда шығарылмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония елінің Сыртқы істер министрлігі тілші-фотограф Юити Сугимотоның төлқұжатын оның Сирияға бармауы үшін тәркіледі, деп хабарлайды жапондық БАҚ.

Сугимото Сирияда фрилансер ретінде жұмыс істеуді жоспарлаған. Фототілші озінің Сирияға жіберілмеуін сөз бостандығының бұзылуы деп есептейді.

Жапонияның билігі өз азаматтарының қозғалысына шектеу қою үшін осындай шараны алғаш қолдануда. Жапонияның Конституциясы бойынша азаматтың өміріне шынайы қауіп төніп тұрған жағдайда оның төлқұжатын тәркілеуге болады.

Қаңтар айында «Ислам мемлекетінің» содырлары Жапонияның екі азаматын тұтқынға алып, босату үшін 200 млн. доллар талап еткен, кейін оларды өлтірген.

Соңғы жаңалықтар