Жапония сарапшылары COVID-19 індетінің тоғызыншы толқыны туралы болжам жасады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапония сарапшылары коронавирустың тоғызыншы толқынында елде өлім-жітім көп болуы мүмкін деп пайымдайды. Әсіресе, қарт адамдарға қауіп басым болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK-ге сілтеме жасап.

Сарапшылар Жапонияда болуы мүмкін коронавирустың тоғызыншы толқыны туралы құжат дайындаған. Олардың қатарында елдің денсаулық сақтау министрлігі сарапшылар кеңесін басқаратын Вакита Такадзи және Тохоку университетінің профессоры Оситани Хитоси бар.

Құжатта шектеулер азайған соң Жапонияның көп бөлігінде коронавирус жұқтырғандардың көбейіп бара жатқаны көрсетілген. Сарапшылар ақпан мен наурызда жүргізілген зерттеулер қорытындысын алға тартады. Ол тұрғындардың 32,1%-ы ғана коронавирус жұқтырғанын және антиденелері барын көрсеткен. Мамандардың пікірінше, антиденелері бар адамдардың аздығы келесі тоғызыншы толқынның осы қыста өткен сегізіншісінен ауқымды болатынын меңзейді.

Сондай-ақ, мамандар инфекция таралған кезде вакцина салдырған адамдардың пайыздық үлесі төмен болса, онда өлім-жітім басқа елдерге қарағанда көп болатынын айтады. Әсіресе, қарт тұрғындарға аса қауіпті болуы мүмкіндігін де атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар