Жапония премьер-министрі жүргізушісіз жүретін тракторды таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ жуық арада ауылшаруашылық жұмыстарында пайдалануға болатын жүргізушісіз тракторларды таныстырды, деп жазады ТАСС.

Жаңа техниканың тұсауы Киото қаласында жексенбі күні жұмысын бастаған Ғылым және қоғамдағы технологиялар халықаралық форумында кесілді.

Бірнеше трактордың қозғалысы түсірілген видео туралы әңгімелей келе: «Қараңызшы, олар жай үйлесіммен ғана жүріп жатқан жоқ, тірі адамдар секілді бір-бірімен тілдесіп жатқандай. Болашақта олар кең қолданысқа беріледі», - деді Абэ.

Жапон үкіметінің басшысы инновациялар мен жаңа технологиялардың дамуы жекелеген елдердің ғана емес, бүкіл әлемнің болашағын айқындайды. «Мен баршамыз біріге отырып, әлемді жақсартамыз деп сенемін», - деді ол.

Ежелгі жапон астанасы Киото қаласында жексенбі күні Ғылым және қоғамдағы технологиялар халықаралық форумы басталды. Аталған беделді шара осымен 14-ші рет әлемнің 150-ден астам елінен келген бір жарым мыңнан астам ғалым мен кәсіпкердің, сондай-ақ саясат және қоғам қайраткерлерінің басын қосып отыр.

Соңғы жаңалықтар