Жапония премьер-министрі: Токиодағы Олимпиада ойындары көрермендерсіз өтуі мүмкін

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Жапония премьер-министр Ёсихидэ Суга Токиодағы Олимпиада ойындары елдегі COVID-19 жағдайына байланысты көрермендерсіз өтуі мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.

«Мен бұған дейін де көрермендердің болмауы мүмкін екенін айтқанмын», – деді премьер-министр журналистерге. – Қалай болғанда да, біз жапон халқының қауіпсіздігін басты міндетіміз деп санаймыз».

Өткен айда олимпиаданы ұйымдастырушылар 23 шілдеде басталатын ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыйымдылығы 10 000 адамға дейін болатын нысандарды 50 пайызға дейін толтыруды ұйғарған еді.

Алайда Токиода өткен айда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай алынып тасталған соң инфекция күрт артты. Бұл көп жанкүйер жиналатын ойындарды өткізуге бола ма, жоқ па деген күдікті қоюлатты.

Бейсенбіде Токио үкіметі коронавирустың 673 жаңа жағдайы туралы хабарлады, оның күнделікті саны 26 мамырдан бастап алғаш рет 700-ден асты.

Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар, оның ішінде премьер-министрдің бас кеңесшісі COVID-19 министрі Сигеру Оми де ойындарды көрермендерсіз өткізу «ең қауіпсізі» деп мәлімдеді.

Министрлер кабинеті хатшылығының мәліметінше, бейсенбіде Германия бокс және қайық жарысы командалары, Ирландия бокс құрамасы және Австралия футбол командасы бар, барлығы 100-ден астам адам келген. Ал жексенбіге дейін олардың қатары тағы 400-ге жуық адамға толығады деп жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар