Жапония полициясы премьер-министр Кишиданың тиісінше қорғалғанын тексермек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапония полициясы жоғары лауазымды тұлғаның қауіпсіздігін сақтау шараларын егжей-тегжейлі пысықтап шықпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK-ге сілтеме жасап.

Осыдан бір апта бұрын Жапонияның батысында өткен сайлау науқаны аясындағы шара кезінде ел премьер-министрі Кишида Фумиоға қарай жарылғыш зат лақтырылған болатын. Бұл – бұрынғы премьер-министр Абэ Синдзо атылғаннан кейін, бір жыл болмай жатып, жоғары лауазымды тұлғаға жасалған екінші шабуыл. Осы ретте, полиция қауіпсіздік шараларын мұқият пысықтап шықпақ. Айта кетсек, Жапония үкіметінің бұрынғы басшысы 2022 жылғы 8 шілдеде қайтыс болды. Абэге жасалған шабуылдан кейін мемлекеттік полиция басқармасы VIP тұлғаларды қорғау жөніндегі ережелерін жаңартқан.

Жапондықтар арасында бұл жағдайдың сақшылар үшін сабақ болғаны айтылады. Өйткені, осы жолы полицей жарылғыш затты лезде қағып жіберіп, Кишида балықшылар портынан дереу эвакуацияланған. Алайда, күдіктінің шара өтетін жерге дейін жетуіне жол берілуін сынға алғандар да бар. Қалай болғанда да, полиция аталған оқиғадан кейін оның себептерін зерттеуге кіріскен.


Соңғы жаңалықтар