Жапония Олимпиаданың шетелдік көрермендерін екі апталық карантиннен босатпақ

None
None
ТОКИО. KYODO NEWS - ҚазАқпарат – Жапония үкіметі 2021 жылғы Токио Олимпиадасына келетін шетелдіктерді екі апталық карантиннен өту қажеттілігінен босату туралы мәселені қарастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Жапония билігі Олимпиаданың шетелдік көрермендерінің елге кіруіне міндетті шарттар жасауды жоспарлап отыр. Оның негізінде шетел азаматтары елге келмес бұрын жасалған коронавирус тестілеуінің теріс нәтижесі туралы бірнеше анықтаманың болуы шарт. Келгеннен кейін шетелдік азаматтар жергілікті биліктің бақылауында болады.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс болған. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалдырылып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін болды. Сонымен қатар «Токио-2020» ойындарының атауы да сақталған.


Соңғы жаңалықтар