+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Жапония Олимпиаданың 2032 жылға ауыстырылатынын жоққа шығарды

2021 жылғы 22 қаңтар 13:10
Бөлісіңіз:
Жапония Олимпиаданың 2032 жылға ауыстырылатынын жоққа шығарды

ТОКИО. KYODO NEWS-ҚазАқпарат – Жапония жұма күні ел үкіметінің Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарының коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылып, оларды 2032 жылы өткізуге тырысып жатқаны туралы шешім қабылдады деген жаңалықты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Футзал: Қазақстан құрамасы елордада Беларусьпен кездеседі Теннис: Тимофей Скатов Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шықты Футболдан суперкубок кімге бұйырады

Бұған дейін британдық The Times басылымы Жапония үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, ел үкіметінің Токиодағы Олимпиада ойындарын коронавирусқа байланысты кейінге қалдыру керек деген қорытындыға келгенін хабарлаған болатын.

«Біз бұл жаңалықты толықтай жоққа шығарамыз», - деп мәлімдеді Жапония министрлер кабинеті Бас хатшысының орынбасары Манабу Сакаи кезекті баспасөз мәслихаты кезінде.

Бейсенбіде Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах KYODO NEWS агенттігіне берген онлайн-сұхбатында: «Қазіргі кезде 23 шілде күні Токиодағы Олимпида ойындары ашылмайды деп санауға еш негіз жоқ», - атап өтті.

ХОК мен Жапония үкіметінің Олимпиада ойындарын биыл өткізуге ниеттеніп отырғанына қарамастан, вирустың таралуына байланысты елдегі жағдай ушығып жатыр.

Еске сала кетсек, Жапонияда Олимпиада ойындары 2020 жылдың жазында өтуі тиіс болған, алайда коронавирусқа байланысты биылғы жылдың жазына ауыстырылды. Жарыстардың 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтуі күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT