Жапония Олимпиада комитетінің басшысына ақша жымқырды деген айып тағылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция соты Жапония Олимпиада комитетінің президенті Цунэкадзу Такэдеге жемқорлық жасады деген айып тағып отыр. Бұл туралы 11 қаңтарда Le Monde француз басылымы хабарлады.

2018 жылдың 10 желтоқсанында француз құқық қорғаушылары Такэдені тергегені аталып өтілген. Комитет басшысына Жапонияда 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын алу мақсатында €1,8 млн пара берді деген айып таққан.

Франция құқық қорғау органдары бұл істі үш жылдан бері тексеріп жатыр.

Еске сала кетсек, XXXII Олимпиада ойындары 2020 жылы Жапония астанасында өтеді. Токиодағы Олимпиада және Паралимпиадада ресми тұмар ретінде көк және қызғылт түсті жапон аниме стиліндегі фигура таңдалып алынды.

Соңғы жаңалықтар