Жапония Қытайдан вирустық пневмонияның келгенін растады

None
None
ТОКИО. Kyodo - ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Жапония денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген ер адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже бергенін жариялады. Бұл коронавирус Жапонияда бірінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 30 жастағы ер адам - Жапонияның оңтүстігіндегі Канагава префектурасының тұрғыны. Ол жаңа вирусты пневмония өршіп тұрған Қытайдың орталығындағы Ухань қаласына барып, 6 қаңтар күні Жапонияға оралған. Министрлік ер адамның өткен жұмада ауруханаға жатып, сәрсенбі күні денсаулығы жақсарған соң шығарылғанын хабарлады.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат зертханалық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қытайдың Ухань қаласындағы беймәлім вирусты пневмонияның өршуіне жаңа үлгідегі коронавирус себеп болғанын хабарлаған болатын.

Бұл туралы патогенге жүргізілген тестілеу нәтижелерін бағалау тобын басқарған қытайлық сарапшы Сюй Цзяньго айтып берді.

Таяуда анықталған коронавирус SARS (қатты асқынған респираторлық синдром) және MERS (таяушығыстық респираторлық синдром) атты аурулар туғызатын белгілі коронавирус түрлерінен ерекше, деп сендірді Қытай инженерия академиясының академигі Сюй.

Сарапшының пкірінше, жаңа вирусты әрі қарай зерттеу қажет.

Қытайда барлығы 59 адамнан вирусты пневмония табылып, оның ішінде жетеуі ауыр халде жатыр. 11 қаңтарда Қытайда аталмыш аурудан қайтыс болған бірінші жағдай тіркелді. Оңтүстік Кореяда бір адамның жұқтырғаны мәлім болды.


Соңғы жаңалықтар