+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Жапония Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторы қатарына кіреді

2021 жылғы 9 сәуір 14:09
Бөлісіңіз:
Жапония Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторы қатарына кіреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Елшісі Тацухико Касаимен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Тілеуберді екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Министр жапон тарапына COVID-19 коронавирусымен күресте көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жеке секторлары және үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Жапония 7 млрд АҚШ долларынан астам сомаға салымдардың жалпы көлемі бар Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторының қатарына кіреді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінде.

Айта кетейік, жақында Елші Тацухико Касаи өзінің дипломатиялық миссиясы аяқталып келе жатқанын және Жапонияға оралатынын жариялады.

Өз мәлімдемесінде Елші биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы екендігін айта келе, 1991 жылдан бастап ел халқы мемлекетті нығайту жолында еңбек еткенін атап өтті.

«Осы 30 жылда Жапония халықаралық қоғамдастықпен бірлесе Қазақстанның гүлденуін қолдап келді және қолдай береді. Бұл бағытта Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізді», - деп жазды Тацухико Касаи.

Сонымен қатар ол Қазақстан мен Жапония құндылықтар бойынша ортақ көзқарасқа ие екенін және ілгерілеу жолында бірлесе елеулі серпіліс жасай алатындығын сөз етті.

«Мен алдағы уақытта да екі ел арасындағы қатынастардың, достықтың әрі ынтымақтастықтың дамуына өзімнің күш-жігерімді салатын боламын», - деді ол.

Оның айтуынша, Жапонияның жаңа Елшісі Дзюн Ямада сәуір айының соңында Қазақстанға келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT