Жапония Фукусима АЭС-да жиналған суды мұхитқа құймақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапонияда Фукусима АЭС-тегі тазартылған суды 11 жылдан соң мұхитқа құюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Фукусима АЭС-тегі отынмен байланысқа түскен су радиоактивті болған. Бұл зауыттағы электр сансасынан фильтрден өткен су резервуарда сақталып келді, оның сыйымдылығы 2023 жылы максималды деңгейге жетеді. Су барлық радиоактивті заттардан тазартылған, тек тритиядан басқа.

«Тазартылған суды сұйылту үшін теңіз суымен араластырамыз. Сұйылтылғаннан кейін бір шақырым қашықтықта теңізге жіберіледі», - деді ТЕРСО учаскесі бастығының орынбасары Такахиро Кимото.

Тритий - қаупі аз радиактивті элемент.

«Фукусимадағы тритияның сипаттамасы бүкіл әлемдегі атом электр стансасының бөліп жатқан қалдығына ұқсайды», - деді Радиологиялық қорғау және ядролық қауіпсіздік институтының директоры Жан-Кристоф Гариэль


Фото: euronews.com


Соңғы жаңалықтар