Жапония делегациясы Маңғыстауда туризмді дамыту мәселелерін талқылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Бірінші хатшысы Исибики Юкионы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімдігінен мәлім еткендей, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және болашағы туралы баяндады. Сондай-ақ, туризм, логистика және энергетика салаларын дамыту мәселелерін талқылады.

«Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Жапония арасындағы өзара сауда көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 3,668,38 мың долларды құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6% көп. Кездесу соңында Исибико Юкио Маңғыстау облысының басшылығына тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыс нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтағанын айтты», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар