Жапония «дәрігер» және «жұмысшы» роботтарға 20 млрд. доллар жұмсамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония 2020 жылға дейін ауыл шаруашылығы, медицина, құрылыс саласына роботтарды енгізу үшін шамамен 20,3 миллиард доллар жұмсауды көздеп отыр. Бұл туралы РИА Новости Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
"Бұл жыл роботтар революциясы кезеңінің басы болуы керек", - деді Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ.
Роботтар Жапонияның қарияларына көмектесетін болады, деп хабарлады Day.Az Lenta.ru агенттігіне сілтеме жасап. Осылайша олар тұра алмайтын науқастарды тасымалдауға және медициналық қызметкерлерге көмектесуге жұмылдырылады. Жаңа роботтар біртіндеп кей жұмыстарда адамның орнын басады.
Бағдарламаны жүзеге асыруды үкімет 2020 жылы Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарына орайластыруды тапсырды.
Қазір осындай мақсаттарға елде шамамен бес миллиард доллар бөлінеді.
- Рим Папасы Иракқа келді
- 5 млн-нан астам ресейлікке коронавирус вакцинасы салынды
- Биыл Қытайдың қорғанысқа жұмсайтын шығыны 200 млрд доллардан асады
- Илон Маск АҚШ-тағы қор сауда-саттығының қорытындысы бойынша $6,2 млрд жоғалтты
-
Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет барреліне $68 жоғары көтерілді
-
BTS тобының әншілері 2020 жылдың үздік әртістері атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам