+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Жапония COVID-19-ға қарсы үшінші екпені енгізуді бастауы мүмкін

2021 жылғы 17 қыркүйек 16:03
Бөлісіңіз:
Жапония COVID-19-ға қарсы үшінші екпені енгізуді бастауы мүмкін

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Жұма күні елдің Денсаулық сақтау министрлігі Жапония осы жылдың соңына қарай адамдарға коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны енгізуді бастауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ДДҰ: Әлемде коронавирустан 180 мың медқызметкер көз жұмды Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай Коронавирус: Украинада қоғамдық көлік тоқтап, оқу орындары жабылды

Үкіметтің денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары үшінші вакцинацияның қажеттілігімен келісіп, министрліктің екінші дозаны алғаннан кейін кем дегенде сегіз айдан кейін адамдарды вакциналауды бастау жоспарын мақұлдады.

Ықтимал ревакцинация қараша айынан басталуы мүмкін, бұл кезде үкімет вакциналануға құқығы бар барлық адамға екпе салуды аяқтауға ниетті.

Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі үш дозаның барлығы бір өндірушіден болуы керек деп мәлімдеді, бірақ қорытынды жасамас бұрын ол қосымша зерттеулерді қарастырады.

Қазіргі уақытта Жапонияда Pfizer Inc., Moderna Inc. және AstraZeneca Plc компаниялары әзірлеген COVID-19-ға қарсы үш вакцина бар, әрқайсысы екі дозадан енгізіледі.

Зерттеулер көрсеткендей, екінші вакцина енгізілгеннен кейін алты айдан соң COVID-19 антиденелерінің саны азаяды, ал Дельта нұсқасына қарсы вакцинаның тиімділігі уақыт өте келе төмендейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT