Жапония билігі 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының жаңа эмблемасын таңдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиала және Паралимпиада ойындарының жаңа эмблемаларын таңдады. Логотиптерді ойындардың ұйымдастырушылық комитеті ұсынды.

Ұйымдастыру комитетінің таңдауы "Кумиитимацумон" (Эдо дәуірінің көнежапондық торлы дизайны (1603-1868 жж.) жалпы атауы бар эмблемаға түсті. Яғни, жаңа эмблеманы таңдау кезінде жапондық дәстүр ескерілді, деп хабарлайды ТАСС.

Жаңа эмблеманы таңдау комитеті құрылып, құрамына жапондық спорт, өнер және экономика әлеміндегі 20-ға жуық танымал тұлға кірді. Жаңа логотипті дайындау байқауы жарияланған, оған Жапонияның жасы 18-ден асқан барлық тұрғындары мен шетелдік азаматтар қатыса алды.

ХХХII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар