Жапония банктері якудзамен күрес науқанын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония банктері 2015 жылы "қоғамға қарсы топтармен байланысы бар клиенттермен" күресін жандандырады, деп хабарлайды Kyodo News.

Ресми құжаттарда бұл терминмен әдетте жапондық мафия - якудзаларды атайды.

Жапония банкирлерінің қауымдастығы ел банктерінен жақында жылжымайтын мүлікті сатып алу және басқа да несиелерді алу өтінімдерін берген адамдарды тексеруді талап етті.

Банктер мен якудзаның күмәнді қатынастары 2013 жылы Mizuho Bank-та орын алған оқиғадан кейін азайған. Сол кезде елдің жетекші қаржы институттарының бірі Mizuho Bank ұйымдасқан қылмыстық топтарға тұтынушылық несиелендіру механизмдері арқылы несиелер берген.

Жаңа жүйе банктерге полицияның якудза мүшелері және олармен үлестес компаниялар мен тұлғалар туралы мәліметтер базасының қолжетімді болуын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар