Жапония әуежайларында бет-әлпетті тану жүйесі енгізілді

None
None
ЧИБА. Kyodo-ҚазАқпарат – Жапонияның Нарита және Ханэда әуежайларында бет-әлпетті толық тану жүйесі енгізілді. Оның көмегімен халықаралық саяхатшылар жолжүкті тіркегеннен кейін бақылау-өткізу пунктінен төлқұжат пен әуе билеттерін көрсетпей-ақ өте алады. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушыларды ұшаққа отырғызу процесі мен олардың жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған «Face Express» жүйесіне жолаушылар әуежайға келгеннен кейін төлқұжат пен отырғызу талондарын тіркеу кезінде суретке түсуі қажет.

Жолжүкті тіркеу кезінде арнайы терминалдардың көмегімен керекті деректер енгізілгеннен кейін бақылау-өткізу пункттеріне кірер бетте және ұшаққа отырғызу кезінде автоматты түрде жолаушылардың тұлғасы тексеріліп отырады, деп мәлімдеді Narita International Airport Corp. компаниясы.

Жүйе сәуірде Нарита әуежайының қызметкерлері бет-әлпетті тану жүйесін сынақтан өткізгеннен кейін барып толық қолданысқа енгізілді.

Соңғы жаңалықтар