+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жапония 39 префектурада ТЖ режимін алып тастамақ

2020 жылғы 14 мамыр 12:25
Бөлісіңіз:
Жапония 39 префектурада ТЖ режимін алып тастамақ

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияда 47 префектураның 39-ында коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді. Осыған байланысты бейсенбі күні ел үкіметі осы аймақтарда төтенше жағдай режимін алып тастау туралы мәселені қарастырды.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: АҚШ-та 5 млн-нан астам адам науқастанып, Парижде көшеде де маска тағу міндеттеледі Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, жиырмасы жараланды Венгрияда автобус аударылып, бір адам мерт болды

Токио мен Осакада төтенше жағдай режимі жалғаса береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, коронавирус жұқтыру жағдайларының жалпы саны 39 префектурада азайған.

Төтенше жағдай режимі Хоккайдода, Токионың елордалық аумағына кіретін Чиба, Канагава және Сайтама, сондай-ақ Киото, Осака және Хиогода жалғасады деп күтілуде.

Сағат 18:00-де Премьер-министр Синдзо Абэнің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Ел үкіметі жақын қарым-қатынастардан аулақ болуға, адам жиналатын жабық орындардан, өңірлер арасында саяхаттаудан бас тартуға шақыруда.

Сәуір айының соңынан мамыр айының басына дейін өтетін Алтын аптаның мерекесі кезінде COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайларының пайда болуы мүмкін. Осыған алаңдаушылық білдірген үкімет азаматтарға қарым-қатынасты шектеуге және префектурадан тыс жерлерден бас тартуды ұсынды

Бастапқыда, Премьер-министр Синдзо Абэ Токиода, Осакада және басқа да бес префектурада 6 мамырға дейінгі кезеңде осы аудандарда жұқтыру жағдайлары санының күрт өсуіне байланысты төтенше жағдай енгізілгені туралы жариялаған болатын. 16 сәуірде төтенше жағдай режимі елдің барлық 47 префектурасына енгізілді.

Бұған дейін хабарлағандай ТЖ режимі 31 мамырға дейін ұзартылды.

Бүгінде елде коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны 16 700-ден асты. Оның ішінде 700-і – ақпан айында карантинге жіберілген Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушысы. Елде вирустан 690 адам көз жұмған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT