Жапония 26 шілдеден бастап вакцина паспортына сұраныс қабылдай бастайды

None
None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат - 26 шілдеден бастап Жапония шетелге шығу үшін COVID-19-қа қарсы толық екпе алған адамдарға вакцина паспортын беруді бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы жексенбіде үкіметтің жоғары лауазымды өкілі мәлім етті.

Үкімет сондай-ақ, бизнес-қоғамдастықтың сұрауына орай мұндай сертификаттарды ішкі экономикалық қызметке пайдалану керек пе деген мәселені де қарастырып жатыр, деп мәлімдеді NHK бағдарламасында министрлер кабинетінің бас хатшысы Катсунобу Като.

Катоның айтуынша, сертификаттар шілде айының соңына дейін қағаз түрінде беріледі. Ал сандық формат кейінірек қаралмақ.

Дереккөздердің айтуынша, ел үкіметі вакцина паспортын Италия, Франция және Грекияны қоса алғанда 10-нан астам мемлекет қабылдайды деген үмітте.

Премьер-министр Ёсихидэ Суги қараша айына дейін екпе алғысы келетін Жапониядағы барлық жарамды адамдарды вакцинациялауды аяқтауға ниетті екенін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар