+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Жапония 13 елдің азаматтарына елге кіру ережесін қатаңдатты

2021 жылғы 3 наурыз 11:32
Бөлісіңіз:
Жапония 13 елдің азаматтарына елге кіру ережесін қатаңдатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапон үкіметі коронавирустың жаңа түрлерінің таралуынан қауіптеніп, 13 елден келген азаматтарға Жапонияға кіру ережесін қатаңдатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Иорданияда вирус жұқтырғандар саны азая бастады Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

Ол елдердің қатарында Аустрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Италия, Нигерия, Нидерланды, БАӘ, Словакия, Швейцария, Швеция және Франция бар. Келген азаматтар үш тәулік арнайы карантиндік мекемелерде жатуы тиіс. Содан кейін олар коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырады, егер тест теріс нәтиже көрсетсе, олар үйіне барып, сол жақта тағы екі апта оқшауланады.

Бұл шаралар 5 наурыздан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ, бұл ереже Жапонияға келмес бұрын 2 апта ішінде жоғарыда аталған елдерде болған азаматтарға да қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT