Жапония 1 қазаннан бастап COVID-19 бойынша төтенше жағдай режимін алып тастайды

None
None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Жапония үкіметі сейсенбі күні Токио мен өзге де 18 префектураны қамтыған COVID-19-ға байланысты жарияланған төтенше жағдайды, сондай-ақ басқа аймақтардағы квази-төтенше жағдайды жою туралы ресми шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

«Коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары мен ауыр белгілері бар пациенттердің саны күрт төмендеді», - деді Шуга Өкілдер палатасындағы комитет отырысында.

Үкімет шектеулерді біртіндеп жеңілдетуді жоспарлап отыр, әр префектураның губернаторы қандай вирусқа қарсы шараларды сақтау керектігін және қайсысын жою керектігін өздері шешеді.

20 тамызда бүкіл ел бойынша 25 876 жағдай анықталып, ұлттық рекорд орнатылғаннан бері Жапонияда инфекция жұқтырушылар саны азайып келеді. Дүйсенбіде барлығы 1147 жағдай расталды, Токиода ауруға шалдыққандар саны наурыздан бастап алғаш рет 200-ден төмендеді.


Соңғы жаңалықтар