Жапондық студенттер Димаштың әндерін дәріс ретінде тыңдайды
2022 жылғы 8 сәуір 18:23

Жапондық студенттер Димаштың әндерін дәріс ретінде тыңдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияның ең ірі университеті оқу бағдарламасына Димаш Құдайбергеннің әндерін енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Университет орыс тілі курсын ашып, оқу бағдарламасына Димаш Құдайбергеннің әндерін енгізген. Атап айтқанда, студенттер «Я скучаю по тебе», «Знай» және «Любовь уставших лебедей» атты 3 әнімен танысады.

Курс бағдарламасы әр жексенбіде BS TV-де көрсетілетін 15 дәрісті қамтиды. Бұл дәрістер 3 сәуір мен 10 шілде аралығына есептелген және тек қана Жапонияда таратылады. Осы аралықта студенттер Димаштың әндерін 3 рет тыңдайды.

Айта кетейік, Чиба аймағында орналасқан «The Open University of Japan» – күншығыс елінің ең танымал университеті. Онда 80 мыңға жуық студент қашықтықтан білім алады.

Жуырда ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Евгения Медведева әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Your love» әнімен ерекше өнер көрсеткенін еске саламыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT