Жапондық "Панасоник" компаниясы бірегей автокөлік радарын жасап шығарды

None
None
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Жапондық "Панасоник"/"Panasonic"/ компаниясы бірегей автокөлік радарын жасап шығарды.

Бұл жайында ИТАР-ТАСС агенттігіне жапондық компания хабарлаған.

Жаңа радар барлық қозғалысты, яғни автокөліктің, велосипед немесе адамның қозғалысын 40 метр қашықтықтан байқай алады. Сонымен қатар, бұл құрал тәуліктің кез келген уақытында және ауа райына қарамастан тиісті қызметін мүлтіксіз атқаруға қауқарлы. Жапондық корпорация мамандарының пікірінше, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғалары деңгейі мен жолдағы жазатайым жағдайды айтарлықтай төмендетуге мүкіндік береді.

Компания осы жаңа жабдықтар автокөлік қауіпсіздігін дамытуға елеулі үлес қосады деп сенім артып отыр.

Соңғы жаңалықтар