Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектеспек

2019 жылғы 25 маусым 17:26 302
Бөлісіңіз:
Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектеспек

 АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектесуге тілек білдіріп отыр. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесуде жапон компаниясының өкілі осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

 "Түркістан облысындағы қайғылы оқиға туралы бәріміз де хабардармыз. 40 мыңнан астам зардап шеккендер бүгінде үйіне орала алмай отыр. Жапониядағы атом электр станциясындағы апат кезінде Қазақстан біздің халқымызға өлшеусіз көмек, қолдау көрсетті. Біз оны ұмытқан жоқпыз, сондықтан зардап шеккендерге қолымыздан келгенше көмектесуге деген ниеттеміз",-деді «Tokyo Rope Almaty» ЖШС-нің бас директоры Такеяма Тошио.

Өңір басшылығымен кездесу кезінде жапон инвесторлары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күншығыс елінің бизнес - компанияларының Атырау өңіріне қызығушылық танытуының себебі - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы неғұрлым ірі жобалары осында шоғырланған. Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін Атырауға «Metal One Corporation», «Metal One Steel Products Corporation» және басқа да компаниялардың басшылығы келді.
​Әлем бойынша болат өнімдерін өңдеумен шұғылданатын 160 жапондық және шетелдік компанияларымен жұмыс жасайтын «Metal One Corporation» компаниясы болат дистрибьюциясы саласындағы көшбасшы болып табылады.
«MetalOneSteelProductsCorporation» жалпыұлттық көлемде сым шыбықтарын, арнайы болат және тот баспайтын болат шығарумен айналысады. 
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев инвесторларды өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Елбасының, Президенттің ел экономикасына инвестициялар тартуға зор маңыз беріп отырғанын атап өтті.  

Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектеспек                                                                        

   «Біз тиімді қарым-қатынас үшін қажетті барлық жағдайды жасаймыз, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор»,-деп атап өтті өңір басшысы.   
​Жапондық инвесторлар өнім өндіретін өз зауытын салуды жоспарлап отыр. Жұмыс сапары кезінде олар болашақ құрылыстың алаңшасын қарайды. Сондай-ақ, индустриалдық мұнай химиясы технопаркінің жұмысымен танысады.                      


Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектеспек 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT