Жапон депутаты Абай шығармашылығына арналған эстафетаға үн қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай шығармаларын оқу эстафетасы Жапонияға да жетті. Қазақстанмен парламенттік достық лигасының төрағасы Такео Кавамура Абайдың қара сөзін оқып, бастамаға үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Жапониядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Такео Кавамураның айтуынша, бұл эстафетаны оған досы, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед жолдаған. Осылайша достық лигасының төрағасы Абай Құнанбаевтың 38-ші қара сөзінен үзінді оқып берді. Содан кейін эстафетаны Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа жолдады.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысынан Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған болатын.

Аталмыш эстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін 5 тілде шырқады.

Соңғы жаңалықтар