+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жапон делегациясы Алматыдағы Бітімгерлерді даярлау орталығына барды

2021 жылғы 24 қараша 22:05
Бөлісіңіз:
Жапон делегациясы Алматыдағы Бітімгерлерді даярлау орталығына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлерді даярлау орталығына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун, қорғаныс мәселелері жөніндегі елшінің бірінші хатшысы полковник Саваи Тадаши мен медициналық мәселелер жөніндегі кеңесші Нишизава Соко жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың жаңа штамы дерттің қайта өршуіне әкелуі мүмкін - эпидемиолог Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру қалай жүріп жатыр

Орталықтың бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин орталық қызметінің мақсаты мен мәні, оның ішінде бітімгерлік курстар мен қарқынды тілдік дайындық туралы хабардар етті.

Орталықты дамыту жоспарында өткізілетін курстарды көбейту және мекеменің өңірлік деңгейге шығуы да бар. Сөз арасында 19 қарашада «БҰҰ-ның Азаматтық тұрғындарды қорғау – United Nations Protection of Civilians Course» атты БҰҰ-ның сертификатталған халықаралық курсы аяқталғанын айта кетейік. Онда Бангладеш, Бразилия, Қазақстан, Мавритания,

Мозамбик, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Финляндия Қарулы Күштерінің өкілдері оқыды.

Сапар барысында Қазақстан мен Жапония қорғаныс ведомстволары арасындағы орталықтың бітімгершілік әлеуетін дамытудағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Төтенше және Өкілетті Елші кездесуді ұйымдастырып, қонақжайлылық танытқаны үшін өз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысуын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT