Жанұясын құтқармақшы болған ер адам суға батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жанұясын құтқармақшы болған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды ауданында жабдықталмаған жағажайда болған.

«Тамыздың 4-де кешкі уақытта Бозайғыр көлінің ортасында үрлемелі матраста әйел мен баланың болғаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар бірден аталған көлге барып, әйел мен оның 2012 жылғы жиенін құтқарды. Қайғылы жағдай суға шомылуға арналмаған жерде болған», - дейді Ақмола облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

ТЖД қызметкерлері атап өткендей, облыс тұрғындары шомылуға қауіпті, арнайы жабдықталмаған жағжайларға баруын тоқтатар емес. Құтқарушылар жергілікті полиция қызметімен бірлесіп рейдтер жүргізуде. Соған қарамастан, суға шомылу кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмайды.


Соңғы жаңалықтар