Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы бірқатар заңға қол қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар