Жануарлардың қауіпті ауруларына қатысты Қазақстанда қанша ошақ тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев жануарлар арасында таралған ауруға қатысты айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпизоотиялық ахуалға тоқталсақ, 2021 жылдың басынан бастап республика аумағында 345 қолайсыз пункт тіркелген. Оның ішінде 171-і - жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруларының қолайсыз пункті. 174-і бруцеллез бойынша қолайсыз пунктер. Нәтижесінде, 174 қолайсыз пунктің 130-і сауықтырылды, ал қалған 44 пункте сауықтыру іс-шаралары жалғасуда», - деді Б. Абызбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, аурулар ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Биылғы жылдың 9 айында жұқтырған ауруына байланысты жойылған 54 мал басына 13 млн теңгеден астам төлемақы берілді.

Бұдан бөлек ол ветеринариялық заңнама талаптарын орындау мәселесіне тоқталды.

«2021 жылдың 9 айдағы көрсеткіші бойынша ветеринариялық-санитариялық талаптарды бұзғаны үшін тексерудің өзге нысандарының нәтижелерімен анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 7 535 нұсқама берілді. Нұсқамалардың орындалуын тексеру нәтижелері бойынша 110 млн теңгеден астам сомаға 3 373 әкімшілік айыппұл салынды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бауыржан Абызбаев жануарларды вакциналау көрсеткіші жайында баяндады.

Соңғы жаңалықтар