Жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жан түршігерлік жол апаты болды. Үш машинаның соқтығысуынан екі адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, 9 тамыз күні «Жезқазған - Сәтбаев» автожолында 36 жастағы жүргізуші басқарған «KIA RIO» машинасы, алдын ала мәліметтерге қарағанда, қарама-қарсы жолға шығып, Жезқазған қаласының 36 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Toyota Land Cruiser Prado» автомобиліне соқтығысқан. Артынша 74 жастағы зейнеткердің «ВАЗ-2101» автомобилін барып соққан.

Жол апаты салдарынан «KIA RIO»-ның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал «Toyota Land Cruiser Prado» жүргізушісі мен «KIA RIO» жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тиісті сараптамалар белгіленген.

Соңғы жаңалықтар