Жансұлтан Тәукенов Қостанай облысы Әулиекөл ауданына әкім болды

None
Фото: kstnews.kz
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Жансұлтан Тәукенов Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жансұлтан Қоңыртайұлы 1975 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданында туған. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1994 жылы Торғай облысында салық инспекторы болып бастаған. Осы салада түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылдан 2016 жылға дейін Амангелді ауданы әкімінің орынбасары және аудан әкімі қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Әулиекөл ауданының әкімі болды.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қостанай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Еске салайық, бүгін Берік Таңжарықов Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар