Жансейіт Түймебаев Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығында құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңадан бой көтеріп жатқан нысандардың жобасымен танысып, жауаптыларға құрылысты қарқындатуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.null

Бүгінде әкімшілік, басқармалар және департаменттер ғимараттарының құрылысын «BI Group» ЖШС-і жүргізуде. Орталықтың орнында қазаншұңқыр қазылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, облыс орталығында Астана қаласының әкімдігінің тапсырысы бойынша «Астана» алаңы мен Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен медиаорталық салынуда.null

«Самұрық қазына» АҚ тапсырысымен конгресс-орталық және оқушылар сарайы ғимараттарының да құрылысы басталды. Алдағы уақытта «ҰӘҚ Самұрық қазына» АҚ тапсырысымен 7 мың орындық стадион мен Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылысын бастау көзделуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында «ҰӘҚ Самұрық қазына» АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Яссауи мұражайы нысаны салына бастады.null

Соңғы жаңалықтар