Жансейіт Түймебаев шетелдік қоғам белсенділерімен кездесті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Мир через духовность» қоғамдық ұйымы кеңесінің Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар таяуда Сайрам ауданында Англия мен Америкадан келген білікті дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған халықаралық еріктілер лагері мен халықаралық медициналық конференция жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге қатысқандар медицина саласындағы келешек ынтымақтастық мәселесін талқылады. Жиында халықаралық медицина саласындағы нақты іс-шаралар егжей-тегжейлі келісіліп, алдағы жоспарлар баяндалды. Сондай-ақ, отырыста шетелдік қонақтар облыс басшысына Елбасының «Рухани жаңғыру» Жолдауы аясында Түркістан облысында шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық мәдени, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

null Өз кезегінде, өңір басшысы меймандардың ұсыныс-тілектерін толықтай қолдайтынын айтып, болашақта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Еске салайық, осы жылдың шілде айында Сайрам ауданында 8 топтан құрылған 30 дәрігер жергілікті халыққа тегін медициналық көмек көрсеткен болатын. Аталған шара Елбасының «Рухани жаңғыру» Жолдауы аясында өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен ұйымдастырылды. «Мир через духовность» қоғамдық ұйымының мүшелері облыстық клиникалық ауруханада Халықаралық медициналық конференция өткізіп, аталған медициналық мекеменің жетекшілерімен және мамандарымен тәжірибе алмасқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар