+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Жансейіт Түймебаев: Президент Жолдауы Елбасы стратегиясымен сабақтас

2020 жылғы 10 қыркүйек 13:12
Бөлісіңіз:
Жансейіт Түймебаев: Президент Жолдауы Елбасы стратегиясымен сабақтас

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жолдауда елдің экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік басқару, қаржы саласының дамуын тежейтін себептер қайдан туындайтыны жан-жақты талданған. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы - реформалар туралы Жолдау. Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Реформалар жөніндегі Жоғарғы Президенттік Кеңес - мемлекеттік басқарудың тұтас саласына айналуда, бұл оларды терең зерттеуді қажет етеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын сапалы жаңа деңгейге жеткізу бойынша іс-қимылдардың тұтас стратегиясын айқындады. Олар әлеуметтік әділеттілік, тиімділік пен бәсекеге қабілеттілік шарттарына негізделген. Қоғам өмірінің барлық салалары терең реформалауды қажет етеді – олар экономика, әлеуметтік сала және елдің саяси өмірі. Реформалаудың тәсілі мен принципі өзгеруде. Заңның үстемдігі, адам мен азаматтардың құқықтарын сақтау мемлекеттік басқарудың жаңа моделі арқылы жүзеге асырылады. Ал негізгі екпін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға аударылады. Бұл - азаматтардың өздерін тікелей толғандыратын мәселелерін шешуге қатысуға деген мүмкіндіктер»,– деді Жансейт Түймебаев.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының Жолдауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатымен сабақтастығын көрсететінін атап өтті.

«Жолдау «Ұлттың жаңа сапасы» бөлімі «Рухани жағыру» бағдарламасымен нақты байланысты. Қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалған: «Жауапты мемлекет - жауапты қоғам - жауапты адам». Біздің әрқайсымыз алдағы реформалардың құрылымдық күрделілігі мен тереңдігі үшін Қазақстанның революциялық емес, бір мәнді эволюциялық дамуы қажет екенін түсінуіміз керек»,– деді ол.

Сондай– ақ, ол республикалық этномәдени бірлестік жетекшілеріне бірқатар бағыт бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

«Біздің міндетіміз - осы маңызды құжатты түсіндіруге және іске асыруға белсенді қатысу. Республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларынан өз бірлестіктерінің белсенділерімен кездесулер өткізуді, Жолдауды түсіндіруге және іске асыруға қатысу мәселелерін талқылауды тапсырамын. БАҚ редакторлары халыққа Жолдаудың міндеттері, сондай-ақ оларды жүзеге асыру бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Этникалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресурстары осы қызметке барынша белсенді атсалысуы тиіс»,– деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев.

Оның айтуынша, этномәдени бірлестіктер халықты микробизнес негіздеріне оқыту саласында жобалар әзірлеп, жүзеге асыра алады.

«Біз бірқатар жоба әзірлеп жатырмыз. Атап айтар болсам, ауылда өмір сүру сапасын және жұмыспен қамтуды жақсарту аясында біз «Әр ауылдың өз шеберлері» атты оқыту жобасын бастаймыз. Бұл ауылдағы ең өткір мәселелерді шешуге бағытталған «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының міндеттеріне толық жауап береді. Отбасы - қоғамның бөлшектері. Сондықтан «Отбасылық бизнес - әл-ауқат негізі» жобасы пысықталатын болады. Сонымен қатар, бізде көпұлтты отбасылар бойынша жоба жүзеге асырылады. Жалпы, қазір әдеттегі жұмыс форматынан нақты нәтижелері болатындай жобаларға көңіл бөлі өте маңызды,– деп қортындылады спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT