Жансейіт Түймебаев: ҚХА жұмысының әлеуметтік векторын дамытуымыз керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтылған баяндамасына бағдарламалық сипат беріп, ассамблея қандай бағытта жұмыс жүргізетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті. Бұл оқиға Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуі деп айтуға толық негіз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде бірқатар маңызды бағыттарға баса мән беруіміз керек екенін атап өтті», - деді Жансейіт Түймебаев Президенті ұлықтау рәсімінде айтылған бастамаларды талқылауға арналған ҚХА кеңесінің отырысында.

Жансейіт Түймабаевтың айтуына қарағанда, ассамблеяға біршама міндеттер жүктеліп отыр.

«Мемлекет басшысының басты мақсатының бірі - қоғамның бірлігі сақтау мен әр азаматтың құқығын қорғау екенін еске салғым келеді. Электоралды кампания әлеуметтің бұл сұранысын қоғамның күн тәртібіне алып шықты. Ассамблеяның құрамына барлық этностар кіретінін атап өткім келеді. Қазақ халқы қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесі арқылы ассамблеяның жұмысына белсенді араласып келеді», - деді ол.

ҚХА төрағасының орынбасары өз сөзінде жалпы мәселелердің ортақтығын есепке алғанда ассамблеяның біріктіруші әлеуеті көрінетінін жеткізді.

«Біз ҚХА жұмысының әлеуметтік векторын дамытуымыз керек. Әлеуметтік ахуалдың жайлылығы халықтың бірлігін бекемдей түседі», - деді ол.

Еске сала кетейік, кеше жаңадан сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімінде халқына адал болуға ант берген болатын.

Соңғы жаңалықтар