Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Жансейіт Түймебаев Қазақстандағы Пәкістан Елшісімен кездесті

2018 жылғы 8 ақпан 23:32 1173
Бөлісіңіз:

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдул Салик Ханмен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланыс пен өзара әріптестікті талқылап, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында аймақ басшысы Оңтүстік өңіріне қызығушылық танытқан елшіге алғысын білдіре отырып, облыстың жоғары инвестициялық әлеуетіне тоқталды. Пәкістан Ислам мемлекеті индустриялық-аграрлы ел саналатынына көңіл бөліп, осы бағыттағы жобаларды бірлесе іске асырудың тиімділігін тілге тиек етті. Пәкістанда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндерін өткізуді ұсынып, осындағы жоғарғы оқу орындарынан білім алуға жастарды шақырды.

«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қазіргі таңда әкімдік әлеуетті инвесторлар үшін барлық жағдайларды жасап, қолайлы инвестициялық климат құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде облыстың қалалары мен аудандарында 11 индустриалды аймақ пен 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Өңдеуші өнеркәсіп бағытындағы жобаларды іске асырушы инвесторлар үшін біз аталған аймақтан жер учаскелерін бөліп беруге әзірміз», -деді әкім.

Сондай-ақ аймақ басшысы арнайы экономикалық аймақта салық пен кедендік режимді енгізуге байланысты жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. Бүгінде облыстың эскпорт көлемі 1 млрд  АҚШ долларына жетіп, импорты 1,5 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Бұдан бөлек, өңір қой еті мен сиыр етін  Иран мен Қытай  елдеріне және Біріккен Араб Әмірліктеріне шығарып келеді. Өз кезінде елші Абдул Салик мырза Оңтүстік Қазақстан облысымен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін айтып,  әкім айтқан ұсынысты құптады.

«Сіз айтқан барлық ұсынысты қолдаймын және бұл бағытта тиісті жұмыстарды атқаратын боламын. Бүгінде екі еле арасындағы тауар айналымы 54,5 млн  АҚШ долларын құрап отыр, ол өте аз. Бұл тауар айналым көлемі Пәкістан мен Оңтүстік Қазақстан облысының арасында ғана болатын жайт. Сондықтан да экономикалық қарым-қатынасты дамытуымыз қажет. Ол үшін тиісті жұмыстарды жүргізетін бірлескен жұмысшы топ құрып, бизнестің жол картасын әзірлеген дұрыс»,-деді Абдул Салик.

Мұнан бөлек, мәртебелі мейман қос елдің кәсіпкерлеріне тиімді ету үшін Оңтүстік Қазақстанмен тікелей әуе қатынасы байланысын орнату мүмкіндігі мен визалық тәртіпті жеңілдету мәселесін  қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ол осы жылдың мамыр айында Шымкент қаласында пәкістандық тауар өндірушілерінің көрмесін ұйымдастыруға қолдау білдіруін сұрады.

Өңір басшысы барлық айтылған ұсыныстарды қолдайтынын айтып, тауар өндірушілер көрмесін өткізу мүмкін екенін атап өтті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат