Жансейіт Түймебаев: Қазақ тілін ұлтаралық тіл деңгейінде қолданатын кез жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өткізіп отыр. Форумның мақсаты – Қазақстан халқының 30 пайызын құрайтын басқа ұлттардың қазақ тілін – мемлекеттік тілді ұлтаралық тіл ретінде қолданып жатқанын көрсету. Осыған орай қазақ тілін жетік меңгерген орыс, украин, поляк, эстон, күрд, кәрістер 14 облыстан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келіп отыр», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев форум алдында тілшілерге берген сұхбатында.
Жансейіт Түймебаевтың айтуына қарағанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі форумы тек қазақ тілінде өтеді.
«Осы орайда айтпағым: Елбасымыздың «Елге деген көзқарас – тілге деген көзқарас» деген сөзін атап өткім келеді. Сондықтан, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттың қазақ тілін – мемлекеттік тіл есебінде, ұлтаралық тіл есебінде қолданатын кезі жетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «қазақ тілі таяу келешекте ұлтаралық тіл ретінде қызмет атқаруы қажет» деген сөзін еске салсам деймін. Міне, осы жұмыстардың жүзеге аса бастағанын көрсету мақсатында осындай форумды бірінші рет ұйымдастырып отырмыз», - деді ол.
- ҚХА «Тұңғыш Президент жолымен: Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» телеэкспедициясын өткізеді
- Елордада Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды
- Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз – ҚХА мүшелері
- Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
-
Елордада мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
-
1 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам