+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Жансейіт Түймебаев этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

2020 жылғы 16 ақпан 20:35
Бөлісіңіз:
Жансейіт Түймебаев этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен құрылым мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасарлары Ю.Келигов пен Ш.Пулатов, Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары Б.Мәкен, ҚХА мүшелері мен этнобірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында Ассамблея Төрағасының орынбасары мемлекетіміздің Конституциясы ұлты, нәсілі, діні мен басқа да өзгешеліктеріне қарамастан, өзінің барлық азаматтарының мүдделерін қорғауға кепілдік беретінін атап өтті.

ҚХА ұлттық бірліктің мемлекеттік саясатының сенімді тірегі бола тұрып, тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғада Ассамблея шет қалмай, кикілжіңді шұғыл шешу үшін алғашқы минуттарда-ақ бірқатар жұмыстар атқарған болатын.

Ж.Туймебаев қылмыста ұлт жоқ екендігін атап өтті. Барлық кінәлілер Заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Сонымен қатар ол кикілжіңнің себептеріне тоқтала отырып, мемлекеттің аталған мәселе бойынша толық түсінігі мен оның шешу алгоритмінің бар екендігін айта кетті.

Кездесу барысында «Бірлік көптүрлілікте» принципі негізінде қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастың негізі ретінде – мемлекеттік тілді үйрену, жалпыұлттық тарихи сананың дамуы және т.б. бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Өз кезегінде, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші рөліне назар аударды. ҚХА басты міндет – этностарды интеграциялауды орындауға жәрдемдесті. Тәуелсіздік жылдар бойы бірде-бір этнос жекелену стратегиясын таңдаған жоқ және олардың барлығы бұдан әрі де қазақ халқының ынтымақшылдығы негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Қорыта келе, ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің жетекшілерін арандатушылыққа жол бермеуге шақырды. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттің бағыт-бағдары мен ұстанған саясаты ары қарай жалғаса береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT