Жансейіт Түймебаев бірқатар БАҚ өкілдеріне «Мейірім» төсбелгісін табыс етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаев бірқатар БАҚ басшысына «Мейірім» төс белгісін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызды 28 - маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын Қаламдарыңыз жүйрік, ойларыңыз ұшқыр, сөздеріңіз өтімді болсын!», - деді Жансейіт Түймебаев ҚХА журналистер клубының отырысында.
null
null

Отырыс аясында ол Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруына ақпараттық қолдау көрсетуге үлес қосқаны үшін, сонымен қатар БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Мейірім» төс белгісімен 11 БАҚ басшысын марапаттады.
null null

Марапатталғандардың қатарында Бас редакторлар клубының төрағасы, Қазақстан Республикасының «Президенті теле-радио кешені» ұлттық акционерлік қоғамының Бас директоры Ерлан Бекхожин, «Хабар» агенттігі» Акционерлік қоғамы «Еларна» телеарнасының директоры Арман Сейітмамыт, «Қазақстан» республикалық телерадио кешені» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай, «Астана» телеарнасының директоры Бибігүл Жексенбай сынды танымал журналистер болды.

Мұнан бөлек, «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров, «ҚазАқпарат» ХАА Қазақ редакциясының шеф-редакторы Бақытжан Ербасов, Орыс редакциясының шеф-редакторы Асхат Ахметбеков, «Егемен Қазақстан» газеті басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі, Казахстанская правда» газетінің саясат бөлімінің редакторы Юлия Магер Қазақстан халқы Ассамбелясының алғыс хатын алды.

nullnullnull

null

Соңғы жаңалықтар