+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Жансая Әбдімәлік шахматтан әйелдер арасында Қазақстан чемпионы атанды

2020 жылғы 20 желтоқсан 07:33
Бөлісіңіз:
Жансая Әбдімәлік шахматтан әйелдер арасында Қазақстан чемпионы атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 11-18 желтоқсан аралығында әйелдер арасында классикалық шахматтан өткен Қазақстан Чемпионатының финалы аяқталды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнир нәтижесінде Жансая Әбдімәлік ел чемпионы атанды. 2-орынға Гүлісхан Нақбаева, 3-орынға Әмина Қайырбекова табан тіреді.

Одан кейінгі орындар келесідей:

4-орын - Лия Кұрманғалиева,

5-орын – Әсел Серікбай,

6-орын – Гүлмира Дәулетова,

7-орын - Ксения Балабаева,

8-орын - Меруерт Камалиденова,

9-орын - Алуа Нұрманова,

10-орын - Лаура Әбділдаева.

Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Оған Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Бейсейітов, «Алматы қалалық Шахмат одағының» президенті Павел Новиков, «Спортты дамыту дирекциясы» директорының орынбасары Алексей Крючков және мемлекеттік бапкер Дастан Қапаев қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT