Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова әлем шахматшыларының ТОП-10 кірді

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте жылдам шахматтан (рапид) Әлем чемпионаты аяқталды. Оның қорытындылары бойынша, Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова жылдам шахматтан Әлем чемпионатының үздік ондығына кірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жансая жинау мүмкін болған 12 ұпайдың ішінен 8,5 ұпайды еншіледі. Бұл оған 6-орынды иеленуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде, Сәдуақасова 8 ұпай жинады. Спортшылардың үздік ондыққа кіруіне осының өзі жеткілікті болды.

Айта кетейік, бүгін Санкт-Петербургте шахматтың блиц түрінен Әлем чемпионаты басталады. Ол екі күнге созылады.

Фото: wrbc2018.com

Соңғы жаңалықтар