Жансая Әбдімәлік «Miss Chess Eurasia» байқауында жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең әдемі шахматшысы атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Байқаудың ресми сайтындағы дауыс беру бүгін аяқталды, нәтижесінде қазақстандық шахматшы қызға 9136 адам дауыс берген. Осылайша, Жансая өзінің басты қарсыласы - өзбекстандық шахматшы Сарвиноз Курбонбоевадан 1288 дауыс артық жинады.

Осылайша, екінші орын Өзбекстан шахматшысы Сарвиноз Курбонбоеваға (7848 дауыс), үшінші орын тәжікстандық Мутриба Хотамиге (653 дауыс) берілді. 

17 жастағы қазақстандық Жансая Әбдімәлік - әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Ол әзірге Top 100 Women January 2017 тізімінде 43 орында тұр. ФИДЕ рейтингінде Жансая Әбдімәлік - 2430-да тұр.

Бүгінде Шымкент пен Алматы қалаларында Жансаяның Шахмат академиялары бар. Онда жас гроссмейстердің өзі де, басқа ұстаздар да балаларға шахматтың қыр-сырын үйретуде. Биыл осындай академияларды Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында ашу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар