+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Жансая Әбдімәлік Германияның суперклубымен келісімшарт жасасты

2019 жылғы 24 қыркүйек 09:13
Бөлісіңіз:
Жансая Әбдімәлік Германияның суперклубымен келісімшарт жасасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Германияның әлемге әйгілі «Баден-Баден» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шахматтан жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан құрамасы төртінші орынды иеленді Назерке Нұрғали дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жүлде еншіледі Шахматтан Қазақстан чемпиондары анықталды

«Баден-Баден» әйелдер клубы классикалық шахматтан да, жылдам шахматтан да әлем чемпионы атанған ең мықты шахматшыларды қатарына қосып келеді.

Элиталық клубтың құрамында: Хоу Ифань (Қытай), Анна және Мария Музычуктар (Украина), Александра Костенюк (Ресей), Антоанета Стефанова (Болгария) сияқты мықтылар бар.

«Баден-Баденнің» ерлер командасы да осал емес: Фабиано Каруана, Максим Вашье-Лаграв, Вишванатан Ананд, Левон Аронян, Петр Свидлер сияқты саңлақтар да осы клубтың мүшелері.

2019/2020 жылғы маусымда Жансая командаластарымен бірге 11 тур ойнайды, содан кейін 2020 жылдың мамырында Бундеслиганың жеңімпазы анықталады.

Жансая бірінші турда швед қызы Инна Агресті жеңіп, Германиядағы мансабын сәтті бастады.

«Баден-Баден» командасының капитаны жас әрі мықты шахматшыны қатарына қосып алғанына қуанып отырғанын жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT